Өркен аула клубында «Менің Республикам – менің мақтанышым!» тақырыбында құпия қонақпен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің құрметті қонағы – №21 мектептің музыка пәнінің мұғалімі, тәжірибелі әрі ұлағатты ұстаз Алламбергенов Қонай Уңғарбайұлы болды.
Кездесудің мақсаты – білім алушыларға мотивация беру, өнер адамдарының шығармашылық жолымен таныстыру, жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Кездесу барысында оқушылар қонақтың өмірлік және шығармашылық тәжірибесімен танысып және пайдалы кеңестер тыңдады.
Қатысушылар саны: 10 оқушы.
Ұйымдастырған жетекші Кулымтанов Ж
