🎓 Өнердің биік белесі!
2025–2026 оқу жылының қорытындысында «Өнер балалар мектебінің» түлектеріне куәліктер табысталып, оқу жылы бойы ерекше жетістік көрсеткен шәкірттер марапатталды.
Бұл күн — жас өнерпаздардың өнер жолындағы алғашқы үлкен жеңістерінің бірі. Әрбір куәлік — табандылықтың, ізденістің және шығармашылық еңбектің жемісі.
Салтанатты кеште түлектерге ізгі тілектер айтылып, олардың алдағы өмір жолына ақ жол тілейміз.
✨ Өнер әлеміне қанат қаққан түлектерімізге шабыт пен табыс, биік белестер мен жарқын болашақ тілейміз!
🌹 Өнерге деген сүйіспеншіліктеріңіз сіздерді әрдайым жаңа жетістіктерге жетелей берсін!
KZ

