Skip to content

Мұнайлы ауданында “Өнер балалар мектебіне” қарасты 7 аула клубы балалардың…

Мұнайлы ауданында "Өнер балалар мектебіне" қарасты 7 аула клубы балалардың бос уақытын тиімді пайдадану мақсатында қосымша білім беру бағытында жыл бойы үздіксіз жұмыс жасайды. Әр ауылдық округтерде орналасқан – Атамекен, Басқұдық, Батыр, Қызылтөбе, Маңғыстау – 5 Бесшоқы тұрғын үй массиві, Баянды Маңғыстау ауылы Шерқала үй массивінде, орналасқан аула клубтары балаларды тегін үйірмелермен қамтып отыр.
Ауыл тұрғындарының сұраныстарына сай аула клубтарында – домбыра, вокал хореография,  гитара, драма, сөз өнері, тоғызқұмалақ, қаз – дойбы, шашка-шахмат, қолкүрес, кекушенкай, сурет, қолөнер тігін үйірмелері жұмыс жасауда.
Аула клубындағы үйірмелерге барлығы 2385 бала тартылған.
2022-2023 оқу жылының жаз мезгіліне Республикалық қосымша білім беру әдістемелік орталығының ұсынысымен "Жазғы кезеңдегі іс-шаралар" жоспарлары жасақталып бекітілді. Осы жоспарларға сай республикамызда жұмыс жасап отырған барлық қосымша білім беру ұйымдары, оның ішінде аула клубтары өздерінің жасап жатқан іс-шараларын желілерге салып, облыстық – республикалық басылымдарға мақалалар жариялап отыру және өздерінің облыстық телеарналарында балалардың жаз мезгіліндегі қызықты кезеңдерін көрсету кестелері құрылған болатын.
Бекітілген жоспарға сәйкес 2023 жылдың 1 тамыз күні облыстық телеарна Мұнайлы ауданына келді.