Мұнайлы ауданы бойынша Наурызнаманың «Жаңару» күніне орай оқушыларымыздың қатысуымен Өнер балалар мектебі және аула клубтары «Күй күмбірі» атты республикалық домбырашылар акциясы өткізілді.
Акцияның мақсаты – еліміздің мәдени мұрасын сақтау, оқушыларымыздың эстетикалық және патриоттық сезімдерін дамыту, домбыра орындау шеберлігін насихаттау.
Шара барысында оқушыларымыз домбырамен халыққа кеңінен танымал күйлерді орындады: «Тепеңкөк», Н. Тілендиевтің «Әлқисса», Ә. Желдібаевтың «Ерке сылқым», Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», Д. Шығайұлының «Көроғлы», Құсайыновтың «Мереке», Тілендиевтің «Ата толғауы».
KZ

