Skip to content

Мұнайлы аудандық ” Өнер балалар мектебінің” – “Домбыра” аспабының мұғалімі…

Мұнайлы аудандық " Өнер балалар мектебінің" – “Домбыра” аспабының мұғалімі Тлеубеков Кенжеғали Нәбиұлының (26.08.1962 – 19.06.2017) 60 жасқа толуына орай, еске алу кеші өтті.

Тлеубеков Кенжеғали Нәбиұлының 26.08.1962 Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылында дүниеге келген. Еліне адал қызмет еткен ұстазды еске алып, есімін ұлықтау, өнегелі өмір жолы мен шығармашылығын насихаттау, ұрпаққа үлгі ету мақсатында өткен кеште Мұнайлы аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Демократұлы, Мұнайлы аудандық білім бөлімінің орынбасары Г.Мурадалиева, өнердегі және қызметтегі әріптестері, шәкірттері, отбасы, тумаластары және көршілері сөз сөйлеп, ғибратқа толы естеліктерімен бөлісті.