Skip to content

Мұнайлы аудандық “Өнер балалар мектебінде” қосымша білім алып журген ауданымыздағы…

Мұнайлы аудандық “Өнер балалар мектебінде” қосымша білім алып журген ауданымыздағы талантты, дарынды оқушыларымыздың – мектептен тыс уақытта “Ұлттық өнеріміздің дамуына" зор үлестерін қосып, үлкен сүйіспенпеншілікпен ұрпақтан-ұрпаққа тарау жолында қаншалықты маңызды істер атқарып жүргендігін дәріптеу, мерейлерін көтеріп, өз орталарында таныстыру мақсатында – Мұнайлы аудандық білім бөлімімен бірлесе отырып, аудандағы жалпы білім беру мектептерінде концерттер қою жоспарланған болатын.
Осы жоспарға сәйкес 07-ақпан күні Мұнайлы ауданындағы №1, №3, №5 мектептерге концерттік бағдарламамен барған “Өнер балалар мектебінің” оқушылары көрермендерін Құрманғазы, Қазанғап, Сүгір, М.Өтемісов,Н.Тлендиев, А.Жубанов, Т.Тоғжановтің шығармаларымен таныстырып, керемет көңіл күй сыйлап қайтты!