Skip to content

Мұнайлы аудандық Өнер балалар мектебі мен Маңғыстау өнер колледжі арасындағы…

Мұнайлы аудандық Өнер балалар мектебі мен Маңғыстау өнер колледжі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында Темірбек Жургенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Өнер балалар мектебінде білім алушыларға кәсіптік бағдар беру және педагогтерге
тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.
Іс-сапар барысында академия оқытушылары – өнертану факультетінің «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының оқытушысы Айжан Хамитқызы және «Театр өнері» факультетінің «Актерлік шеберлік және режиссура» кафедрасының оқытушысы Айгерім Қайратқызы білім алушылармен жене педагогтермен кездесулер өткізді.
Шара барысында қатысушыларға шығармашылық мамандықтардың ерекшеліктері мен болашақ, мүмкіндіктері туралы көптеген ақпарат берілді. Сонымен қатар, «Актер шеберлігінен» мастер-класс өткізіліп, семинар-тренинг аясында жасанды интеллект құралдарын өнер саласындағы білім беру жүйесінде қолдану мәселелері қарастырылды.
Аталған іс-шаралар білім алушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, тәжірибе алмасуға және өнер саласындағы білім беру байланыстарын нығайтуға бағытталды.