«Менің арманым – менің мүмкіндігім!»
Біздің «Басқұдық» аула клубының белсенді оқушысы Ақтаубек Айкөркем «Менің арманым – менің мүмкіндігім!» челленджіне қатысып, өз жетістіктері мен сол жетістіктерге жету жолындағы тәжірибесімен бөлісті.
Айкөркем өз бейнеролигінде алға қойған мақсатына жету жолында табандылықтың, үздіксіз еңбектің және өзіне деген сенімнің ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Ол жетістікке жетудің басты кілті – күнделікті ізденіс, қажырлы еңбек және ешқашан берілмеу екенін жеткізді.
Айкөркемнің жетістіктерімен мақтанамыз және оның алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беретініне сенімдіміз! Жұлдызың жарқырай берсін, Айкөркем!
KZ

