Skip to content

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ӨНЕР…

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ӨНЕР БАЛАЛАР МЕКТЕБІНІҢ» ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ МКҚК 2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН БОС ОРЫНДАРҒА
КОНКУРС ТУРАЛЫ
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У !!!

Құрметті ұстаздар мен жас мамандар!

Маңғыстау облыстық білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «Өнер балалар мектебі» және оған қарасты аула клубтарына ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығын негізге ала отырып, төмендегідей бос лауазымдық орындарға қажетті мамандарға КОНКУРС жариялайды:

Қажетті құжаттар тізімі:
• Конкурсқа қатысу туралы ӨТІНІШ;
• Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (сәйкестендіру үшін);
• Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
• Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
• Денсаулық жағдайы туралы анықтама;
• Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
• Наркологиялық ұйымнан анықтама;
• Жұмыс өтілі жоқ мамандарға «педагог» сертификаты міндетті.
• Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты(бұдан әрі БТС) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапашының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

2023 жылдың 1-7 қыркүйек аралығында құжаттар қабылданады.
Құжаттар 2023 жылдың 8 қыркүйек күні комиссия отырысында қаралады.
Мекен-жайы: Фариза Оңғарсынова атындағы Мұнайлы аудандық мәдениет үйінің оң жақ блогында орналасқан
Байланыс телефоны: 8 7292 34-71-00