Қосымша білім беру ұйымдары педагогтері қауымдастығының жұмыс жоспарына сәйкес, Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Әнді сүйсең, менше сүй» атты облыстық байқауы өтті.
2025 жылғы 14 қараша күні қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткен облыстық байқауға барлығы 13 мұғалім (7 жеке орындаушы, 2 ансамбль) қатысты.
Байқау барысында қатысушылар Абайдың бір әнін, сондай-ақ шетел және орыс композиторларының шығармаларын орындап, вокалдық деңгейін көрсетті. Қазылар алқасы әр өнерпаздың кәсіби шеберлігін, сахнадағы мәдениетін, дауыс мүмкіндігін және таңдалған репертуардың орындалуын бағалады.
Бұл байқауға Мұнайлы аудандық Өнер балалар мектебінің 2 вокал сыныбының мұғалімі қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
🏆 Нәтижелер:
Классикалық вокал І орын – Қонақбаева Гүлбану Асқарқызы
Эстрадалық вокал ІІ орын – Тәжиева Балғын Ғазизқызы
Ұстаздарымызды жетістіктерімен құттықтаймыз! Шығармашылық пен кәсіби биіктеріңіз көбейе берсін!
KZ

