Фариза Оңғарсынова атындағы аудандық орталық мәдениет үйінің концерт залында Ұзақбай жырау Қазжанұлының 130 жылдығына орай "Менің атым – Ұзақбай" атты жыр кеші өтті.
Мұнайлы аудандық «Өнер балалар мектебінің» – «Жыр – терме» бөлімінің мұғалімі Рейпназарова Жузимгуль Бекназаровна және шәкірті Абдімәжит Жансұлу Сыиласханқызы, «Дәстүрлі ән» бөлімінің мұғалімі Максудов Нурлан Максудович кеш қонақтары болып, Ұзақбай жыраудың жырларын көпшілікке паш етті.
KZ




