Домбыра аспабының мұғалімі Кушназарова Ұлболсын Әділбекқызының ұйымдастыруымен ата-аналарға арналған сынып концерті өтті.
Кеш барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар, үздік және белсенді оқушылар марапатталып, олардың жетістіктері ерекше аталып өтті.
Концерт әсем күй мен жылы әсерге толы мерекелік кешке айналды.
KZ

