Skip to content

Бүгінгі біздің аула клубымызда өткен «Құпия қонақ» атты мотивациялық кездесуіміз…

Бүгінгі біздің аула клубымызда өткен «Құпия қонақ» атты мотивациялық кездесуіміз ерекше форматта, ерекше шабытқа толы болды.
Туған жеріміздің таңғажайып табиғаты мен қасиетті рухын өз туындыларында жаңаша сөйлете білген дарынды суретші;
Ұлттық нақышты заманауи трендтермен үйлестіріп, өз қолтаңбасын қалыптастырған танымал дизайнер;
Маңғыстау жастарына үлгі боларлық осындай жарық жұлдызымызды, өз өнерімен көптеген жастың жүрегіне жол тапқан, құпия қонағымыз Маңғыстауға әйгілі жас дизайнер, суретші Жолдасбаева Айымхан Алтынбекқызын қонаққа шақырған болатынбыз. Кездесу өте керемет, әсерлі, мотивацияға толы, жастар ой-түйсігінде жүрген сұрақтарға жауап алғандай. Оқушылар қонаққа сұрақтар қойып, еркін сезініп, ерекше өтті.
Өткен бұл іс-шара тек көңіл көтеріп қана қоймай, әрбір қатысушының бойындағы жасырын қабілетті ашып, өзіне деген сенімділігін арттыруға зор үлес қосты. Осындай есте қаларлық сәттерді бірге жасап, бастамамызға қолдау білдірген @Aiymhaan алғысымыз шексіз! ❤️ Бүгінгі кездесуімізге арнайы уақыт бөліп, өз арамызда болып, кешіміздің сәнін кіргізгеніңіз үшін үлкен рақмет. Сіздің келуіңіз бәрімізге күтпеген қуаныш, ерекше әсер және жағымды эмоция сыйлады.
Сізге амандық

↑