Бүгін Өнер балалар мектебінде «Наурыз – жыл басы»атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Кеш барысында оқушылар әсем ән шырқап, күмбірлеген күй тартып, мың бұрала би билеп, хор және дәстүрлі әндерді орындап, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.
Бұл кеш көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, Наурыз мейрамының ерекше атмосферасын сезіндірді.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Әр шаңыраққа береке, бірлік, молшылық тілейміз! 🌸
KZ

