Skip to content

🌈🎨«Атамекен» аула клубының ерекше көрмесі! Бүгін 12 мектепте “Атамекен summer…

🌈🎨«Атамекен» аула клубының ерекше көрмесі!
Бүгін 12 мектепте “Атамекен summer camp” лагерінде жүрекке жылылық ұялататын, өте ерекше іс-шара өтті.
🫟«Атамекен» аула клубы жазғы демалысты мазмұнды әрі қызықты өткізу мақсатында лагерь балаларына арнап арнайы шығармашылық көрме ұйымдастырды. Бұл шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді ояту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау.
🎨Сонымен қатар балалар алақандарын жарқын, түрлі-түсті бояуларға малып, Қазақстан картасына өз таңбаларын қалдырды.
Балалар елімізге деген ыстық махаббаттарын ерекше тәсілмен білдірді!
Әрбір кішкентай алақан іздері — еліміздің гүлденуіне, бірлігі мен бейбітшілігіне деген балалардың пәк тілегі мен сүйіспеншілігінің символы.

«Бұл карта — біздің ортақ үйіміз. Ал балалардың түрлі-түсті алақандары — еліміздің жарқын болашағы!»

#АтамекенАулаКлубы
#жазғылагерь2026☀️🌈💐