🎹 11 қараша күні мектепішілік фортепиано пәні мұғалімдері арасында кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: фортепиано пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту және тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Байқауға қатысқан ұстаздар:
🎼 15–25 жыл педагогикалық еңбек өтілі бойынша:
* Даулетярова Шолпан
🎼 25 жылдан жоғары педагогикалық еңбек өтілі бойынша:
* Даулетова Гүлмира
🏆 Байқау нәтижесінде Даулетярова Шолпан ,Даулетова Гүлмира аудандық кезеңге жолдама алды!
Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Аудандық кезеңде сәттілік, шығармашылық шабыт және жарқын жеңістер тілейміз! Әрдайым өнер жолында биік белестерді бағындыра беріңіздер! 🌷
