Skip to content

Басқұдық аула клубында Республика күніне орай «Менің Республикам – менің…

Басқұдық аула клубында Республика күніне орай «Менің Республикам – менің мақтанышым!» тақырыбында «Құпия қонақ» форматында мотивациялық кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің құпия қонағы – Басқұдық мәдениет үйінің қызметкері, әнші, вокал үйірмесінің жетекшісі **Базарқұл Исатай** болды.

Кездесу барысында қонақ өзінің өнер жолымен бөлісіп, әншілік өнердің қыр-сыры туралы әңгімеледі. Қосымша білім алушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Тағылымды кездесу балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, ұлттық өнерге қызығушылығын оятуға және елжандылық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды.

↑