Skip to content

Мемлекет басшысының өкімімен 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні…

Мемлекет басшысының өкімімен 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Бұл шешім Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерге байланысты қабылданды.

24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы қарулы күштері әскери – теңіз күштерінің Каспий теңізіндегі оқу-жаттығуы кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан әскери қызметшілерді теңізге алып кеткен.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, алдын ала ақпарат бойынша теңізге 19 әскери қызметші кеткен. Қазіргі уақытта олардың 9-ы қаза болған. Үш әскери қызметші құтқарылды, оның біреуі ауруханаға жатқызылды.

Қалғар әскери қызметшілерді іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

↑