Skip to content

🎬“Кино әлеміне саяхат»: «Атамекен» аула клубында ерекше күн! ✨ «Атамекен»…

🎬“Кино әлеміне саяхат»: «Атамекен» аула клубында ерекше күн! ✨
«Атамекен» аула клубының ұйымдастыруымен балаларға арналған «Кино әлеміне саяхат» атты ерекше мультфильм көрсетілімі өтті! 🍿👧🏻👦🏻
Шараның басты мақсаты — балалардың жазғы демалысын көңілді әрі танымды өткізу, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау болды. Экран алдына жиналған кішкентай көрермендеріміз сиқырлы кейіпкерлермен бірге саяхаттап, ұмытылмас әсер алды.
🌟 Қалай өтті?
Балалардың жүзіндегі күлкі мен шынайы қуаныш шараның өте жоғары деңгейде өткенінің дәлелі. Мультфильм аяқталғаннан кейін балақайлар өз әсерлерімен бөлісіп, мәре-сәре болды.
«Балаларға бақыт сыйлау — біздің басты міндетіміз! Алдағы уақытта да осындай қызықты шаралар өз жалғасын табады», — деген ойдамыз.
Залды берген мектеп әкімшілігіне және белсенді қатысқан барлық бүлдіршіндерге алғыс айтамыз! 🧡