Skip to content

Менің арманым – тоғызқұмалақтан жоғары жетістіктерге жетіп, Қазақстанның намысын халықаралық…

Менің арманым – тоғызқұмалақтан жоғары жетістіктерге жетіп, Қазақстанның намысын халықаралық жарыстарда қорғау. Тоғызқұмалақ – халқымыздың ұлттық зияткерлік ойыны, ол менің логикалық ойлауымды, сабырлылығымды және есептеу қабілетімді дамытады.
Мен Ахмет Диас «Тұлпар» аула клубына қатысқаныма 2 жылдан аса уақыт болды,көптеген жетістіктерге жеттім аудан және облыс жүлдегерімін улкен додаларда қатысқаныма өте көп нәтижелерге жетуіме Жұмакелді ағайға алғысымды білдіремін. Клубта бізге барлық жағдай жасалған, тәжірибе жинап, жарыстарға қатысуға мүмкіндік бар. Жаттықтырушымның еңбегі мен ақыл-кеңесінің арқасында өз шеберлігімді шыңдап келемін.

Мен өз мүмкіндіктерімді тиімді пайдаланып, алдағы уақытта үздік тоғызқұмалақшылардың қатарына қосылуды мақсат етемін. Арманға жетудің басты жолы – еңбекқорлық, тәртіп және үздіксіз дайындық деп есептеймін. Сондықтан мен күн сайын өз мақсатыма бір қадам жақындауға тырысамын.