Skip to content

«Менің арманым – менің мүмкіндігім!» Біздің «Сұңқар» аула клубының белсенді…

«Менің арманым – менің мүмкіндігім!»

Біздің «Сұңқар» аула клубының белсенді оқушысы Көшер Абай «Менің арманым – менің мүмкіндігім!» челленджіне қатысып, шахматтағы жетістіктері мен осы спорт түрінде шыңдалу жолындағы тәжірибесімен бөлісті.

Абай өз бейнеролигінде шахматтың тек ойын ғана емес, ойлау қабілетін дамытып, сабырлылық пен жауапкершілікке тәрбиелейтін ерекше спорт екенін атап өтті. Ол жетістікке жету жолында үздіксіз жаттығудың, әр партиядан сабақ алудың және өз мақсатыңа сенімді қадам жасаудың маңыздылығын жеткізді.

Абайдың шахматтағы жетістіктерімен мақтанамыз және оның алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете беретініне сенімдіміз! Шахмат тақтасында әрдайым жеңіс серігің болсын, Абай!