Skip to content

Домбыра аспабының мұғалімі Изгалиева Акерке Кайырбаевна және Қобыз аспабының мұғалімі…

Домбыра аспабының мұғалімі Изгалиева Акерке Кайырбаевна және Қобыз аспабының мұғалімі Сатжанова Раушан Амангалиевнаның ұйымдастыруымен ата-аналарға арналған сынып концерті өтті.

Кеш барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ата-аналарға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады. Әрбір орындалған шығарма кештің көркін ашып, ұлттық өнердің әсемдігін айшықтай түсті.

Сонымен қатар, оқу жылы бойы үздік нәтиже көрсетіп, белсенділік танытқан оқушылар марапатталып, олардың жетістіктері ерекше аталып өтті.