Skip to content

14 сәуір күні Ақтау қаласындағы Оқушылар сарайында Маңғыстау облысының білім…

14 сәуір күні Ақтау қаласындағы Оқушылар сарайында Маңғыстау облысының білім берудің оқу-әдістемелік орталығы және қосымша білім беру педагогтері қауымдастығының жоспарына сәйкес, «Тілдік және өнер үйірмелерінде жасанды интеллект пен топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру» атты тақырыбында шеберлік сыныбы өтті.
Іс-шараның мақсаты – гуманитарлық бағыттағы үйірмелерде жасанды интеллектті тиімді қолдану жолдарын таныстыру және домбыра, вокал үйірмелерінде топтық жұмысты ұйымдастырудың заманауи әдіс-тәсілдерімен бөлісу.

Шеберлік сыныбы барысында қатысушылар:
Жасанды интеллект құралдарын қолдану мүмкіндіктерімен танысты
Өнер және тілдік үйірмелерде топтық жұмысты ұйымдастыру тәжірибесімен алмасты
Заманауи әдіс-тәсілдерді практикада қолдану бойынша құнды ақпарат алды.

Өткізген спикерлерге арнайы сертификаттар табысталды.