26 ақпан күні өткен облыстық «Қосымша білім беру ұйымдарында ЖИ: тәжірибе, құралдар, нәтиже» тақырыбындағы семинар-практикумға мектебімізден домбыра аспабының мұғалімі Байкубекова Азима Ордановна қатысқан болатын.
Бүгін Өнер балалар мектебінде аталған семинар бойынша кері байланыс өткізіліп, Байкубекова Азима Ордановна мектеп педагогтеріне облыстық семинарда жинақтаған тәжірибесімен бөлісті. Кездесу барысында жасанды интеллектті оқу үдерісінде тиімді пайдалану бағыттары жөнінде ақпарат берілді.
KZ







