Skip to content

26 ақпан күні Облыстық оқу-әдістемелік орталығы мен қосымша білім беру…

26 ақпан күні Облыстық оқу-әдістемелік орталығы мен қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің қауымдастығының ұйымдастыруымен «Қосымша білім беру ұйымдарында ЖИ: тәжірибе, құралдар, нәтиже» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

🎯 Мақсаты: қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің жасанды интеллект құралдарын оқу-тәрбие үдерісінде тиімді қолдану тәжірибесін көрсету және практикалық дағдыларын қалыптастыру.

👩‍🏫 Қатысушылар: қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері.

Семинар барысында қатысушылар жасанды интеллекттің білім беру саласындағы мүмкіндіктерімен танысып, түрлі цифрлық құралдарды тәжірибеде қолдану жолдарын талқылады. Педагогтер өзара тәжірибе алмасып, заманауи білім беру үдерісін дамыту бағытында пікір алмасты.

✨ Тәжірибелерімен бөліскен спикерлерге сертификаттар табысталды.

✨ Мұндай семинарлар педагогтердің кәсіби дамуына ықпал етіп, білім беру үдерісіне жаңа технологияларды тиімді енгізуге мүмкіндік береді.