2022 – 2023 оқу жылының әдістемелік
жұмыс жоспарына сәйкес 21 қараша
күні "Атамекен" аула клубында сурет үйірмесінің жетекшісі Батышева
Аксананың ұйымдастыруымен
"Бояулар құпиясы" атты сурет көрмесі өтті. Көрменің мақсаты: Жеке тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыру, бейнелеу қабілетін және керкемдік
талғамын, шығармашылык қиялын,
ойлау кеңістігін дамыту. Көрмеге “Атамекен" аула клубының үйірме жетекшілері және оқушылар қатысты.

KZ






