2023 жылдың 29 сәуір күні Қазақ музыкасын зерттеуші, көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісі, Академик, профессор Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туған күніне орай Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының ұйымдастыруымен Республикалық жас орындаушылар және халық аспаптары ансамбльдері мен оркестрлерінің фестиваль-конкурсы болып өтті. Конкурсқа Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облысынан 500 ге жуық бала қатысты. "Ансамбль, оркестрлер" номинациясы бойынша Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының "Өнер балалар мектебінен" қатысқан "Жігер" ұлт аспаптар оркестрі (жетекшілері С.Изимбергенов, Ж.Рейпназарова) Бас жүлде; "Ақжелең" домбырашылар ансамблі (жетекшісі А.Байкубекова) 1 орынға ие болды. "Домбыра" номинация бойынша Смағұл Мейрамбек 1 орын (жетекшісі А.Алшынов), Қартмағамбет Ақсезім 1 орын (жетекшісі А.Байкубекова), Ислам Бекжан 2 орын (жетекшісі Ү.Алшынов), Аралбай Арайлым 2 орын (жетекшісі А.Байкубекова).
2023 жылдың 29 сәуір күні Қазақ музыкасын зерттеуші, көрнекті ғалым,…

KZ



