Skip to content

TikTok желісінде – “Адай” күйін шабыттана орындап көпшілікті тамсандырған жасөспірімдер…

TikTok желісінде – “Адай” күйін шабыттана орындап көпшілікті тамсандырған жасөспірімдер – 29 сәуірде Ақтөбе қаласында өткен Республикалық жас орындаушылар және халық аспаптары ансамбльдері мен оркестрлерінің фестиваль – конкурсына қатысып, Оркестр номинациясы бойынша Бас жүлде, ансамбль номинациясы бойынша І орын, жеке орындауда екі І орын, екі ІІ орынмен жүлделі оралып келе жатырған Мұнайлы аудандық “Өнер балалар мектебінің” оқушылары!
Оқушылар жол сапарын қысқарту мақсатында вагон ішінде өз дайындықтарын жасап, жолаушылардың да көңіл-күйлерін көтеріп алғыс-баталарын алған болатын!
Риза болған жолаушылардың бірі оқушылардың осы бір дайындық сәтін видеоға түсіріп, желіге жариялаған екен! Бұл видеоға бүгінгі күні – 473100 қаралым болып, 6870 лайк басылып, 1320 жылы лебізді пікірлер жазылыпты!
Жас өнерпаздарды қуантып, олардың мерейлерін көтеруге себепші болған сол жолаушыға “Өнер балалар мектебі” ұжымының атынан үлкен Алғыс айтамыз!

https://vm.tiktok.com/ZM2JdGWhL/