Мұнайлы аудандық оқу-
әдістемелік орталығының 2025 жылғы іс-шара жоспарына сәйкес, жоба арқылы білім беру субъектілерінің «4К» құзыреттіліктерін қалыптастыру, білім беру субьектілерін креативті және сыни ойлауға дағдыландыру, тиімді коммуникацияны қалыптастыру шығармашылықпен жұмыс жасайтын талантты педагогтарды анықтау, кәсіби шеберлігін, дағдысын және теориялық дайындығын жетілдіру мақсатында аудандық "BEST педагог" жобасы бастау алған болатын.
• Жоба 7 турдан тұрады:
Педагогикалық шеберлік;
-Белсенді әдістер шеберханасы;
-Теориялық білім мен білік;
-Цифрлық ұстаз;
-Педагогикалық воленторлық қызмет;
-Ұстаз бренд;
-Жетістіктер палитрасы.
■ Ағымдағы жылдың 11 ақпан күні аталған жобаның І кезеңі "Педагогикалық шеберлік" қысқа мерзімді жоспар жазуға Өнер мектебі және аула клубтардан 8 педагог қатысты.
✔ Қатысушы мұғалімдерге әр кезең бойынша сәттілік тілейміз!
• Қорытындысы ағымдағы жылдың қазан айында "Ұстаздар" күнінде жарияланады.
KZ

