2025 жылдың 09 сәуір күні Жаңаөзен қаласы, Мұрат Өскенбаев атындағы балалар музыка мектебінде облыстық оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен және облыстық қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері қауымдастығының жоспарына сәйкес, Маңғыстау облысынан шыққан алғашқы қобызшы, ұстаз Ханшайым Балапашқызының еңбегін дәріптеу, сан ғасырлардан бері келе жатқан қобыз үнін бүгінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында Мұрат Өскенбаев атындағы балалар музыка мектебінде, балалар музыка және өнер мектептерінің оқушылары арасында Ханшайым Балапашқызы атындағы ІІ облыстық «Қобыз үні» қобызшылар байқауы өтті.
Байқауға Мұнайлы аудандық Өнер балалар мектебінен қатысқан оқушымыз кіші топ бойынша Тұрсынханұлы Аянали ІІІ орынды иеленді.
Жетекшілері: Ербозова Гулжамал Амангаликызы
Концертмейстері: Каюпова Ақмаржан Шеркешбайқызы
KZ



