Маңғыстау облыстық білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «Өнер балалар мектебі» жедел басқару құқығындағы МКҚК-нің 2025-2026 оқу жылына арналған бос орындарға конкурс туралы.
ХАБАРЛАНДЫРУ !!!
Маңғыстау облыстық білім басқармасының Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «Өнер балалар мектебіне» қарасты аула клубтарына ҚР Білім және ғылым министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және № 96 бірлескен бұйрығын негізге ала отырып, төмендегідей бос лауазымдық орындарға қажетті мамандарға КОНКУРС жарияланады:
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
18 – 22 тамыз 2025 жыл
Конкурстың өтетін уақыты:
25 тамыз 2025 жыл, сағат 15:00
Конкурстың өтетін орны:
Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосы, 1 орам, 12 ғимарат.
📌 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі
1. ✅ Түйіндеме (резюме);
2. ✅ Конкурсқа қатысу туралы өтініш
3. ✅ Жеке куәліктің көшірмесі;
4. ✅ Білімі туралы құжаттардың көшірмесі (диплом, қосымшасы);
5. ✅ 3×4 көлеміндегі фотосурет (2 дана);
6. ✅Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
7. ✅ Еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
8. ✅ 086/у нысанындағы медициналық анықтама;
9. ✅ Психоневрологиялық және наркологиялық диспансерден анықтамалар;
10. ✅ Соттылығы жоқ екені туралы анықтама (eGov арқылы алынады);
11. ✅ Ұлттық біліктілік тестілеу (бұдан әрі БТС) сертификаты немесе біліктілік санатының көшірмесі (бар болса: педагог-модератордың, педагог-сарапашының, т.б.);
12. ✅ Жұмыс өтілі жоқ мамандар үшін – "Педагог" сертификаты;
13. Алдағы жұмыс орнының басшылығынан үсынымдар болған жағдайда ұсынады;
14. ✅ Жеке портфолио (бар болса: шығармашылық жұмыс үлгілері, концерттік қызмет, жетістіктер);
15. ✅ Қосымша құжаттар (мақтау қағаздары, сертификаттар, алғыс хаттар — бар болса).
16. ✅Алдыңғы жұмыс орны басшылығынан ұсыныс хаттар
KZ










