20 қараша 2025 жылы Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «Өнер балалар мектебі» МКҚК мен Маңғыстау облысы білім басқармасының «Маңғыстау өнер колледжі» МКҚК арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Аталған Меморандум екі ұйым арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту, білім беру саласындағы әріптестікті дамыту мақсатында жасалды.
Ынтымақтастық аясында тәжірибе және білім алмасу, студенттердің (оқушылардың) кәсіптік практикадан өтуі, бірлескен жұмыс кездесулерін, мәдени-шығармашылық іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ екі тарап үшін маңызды өзге де бағыттар қамтылған.
Бұл келісім болашақта Мәдениет және Өнер саласы мамандарын даярлау ісіне оң ықпал етіп, екі мекеменің арасындағы тиімді әріптестіктің бастамасы болады деп сенеміз.
KZ

