«Достық – бірлік пен ынтымақ негізі» тақырыбында баяндама оқылып, тақырыптың мәні мен мағынасы ашылды. Баяндамадан кейін оқушылар екі топқа бөлініп, тақырыпқа сай интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды. Ойын барысында сұрақ-жауап, жағдаяттық тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенділігі, тапқырлығы мен білім деңгейі байқалды. Әр топ өзара ынтымақтастық танытып, бірін-бірі қолдап отырды.
Іс-шараға қатысқан 34 оқушының барлығы белсенділік көрсетіп, достық пен бірліктің үлгісін танытқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
KZ

