4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні
Бұл күн – Тәуелсіз Қазақстанның айбыны мен бірлігінің белгісі болған Мемлекеттік рәміздеріміздің бекітілген күні.
1992 жылдың 4 маусымында еліміздің Туы, Елтаңбасы және Әнұраны алғаш рет ресми түрде қабылданды. Ал 2007 жылдан бастап бұл күн Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтуде.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың тарихын, мәдениетін, тәуелсіздігін және жарқын болашаққа деген сенімін айшықтайтын қасиетті құндылықтар.
Көк Туымыз көгімізде мәңгі желбіреп, Елтаңбамыз елдігімізді асқақтатып, Әнұранымыз рухымызды әрдайым көтере берсін!
Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
KZ


