Skip to content

28.12.2021 ж.«Өнер балалар мектебінің» ұйымдастыруымен «Өркен» аула клубында «Сәнді қолданбалы…

28.12.2021 ж.«Өнер балалар мектебінің» ұйымдастыруымен «Өркен» аула клубында «Сәнді қолданбалы қолөнердегі жаңа бағыттар» тақырыбында семинар өтті.

Семинардың мақсаты:
Мұғалімдердің үнемі өзгерістерге бейім болуы мен жаңа білімді меңгеру қабілетін дамытудағы басым бағыты бойынша өзара тәжірибе алмасу, ой бөлісу;
– Қосымша білім беру ұйымдарында «Қолөнер» үйірмесі арқылы балаларға арналған жаңашыл идеялардың мазмұнын ашу.

Семинар концерттік бағдарламамен басталды.
1. Құрманғазының күйі «Адай» Орындаған: Домбыра үйірмесінің оқушысы: Атамурадов Айшуақ
2.«Тек Алға» әні Орындаған: Вокал үйірмесінің оқушылары
3.Әбдімомын Желдібаев «Ерке сылқым» Орындаған: Амангелді Арайлым
4.«Тәуелсіздік» Орындаған: Аяпберген Мөлдір
5. Ән: «Моя страна» Орындаған: Өркен аула клубы мұғалімдері.

Әрбір істің басында әдеттегідей сергіту сәтінің ойдағыдай өтуі маңызды. Сондай-ақ, семинардың басында тренингтер өткізу арқылы қатысушыларды бір арнаға тоғыстырып, бұдан әрі шеберлік сыныпқа қатысуда бірлесіп жұмыс жасау, ауызбіршілікті нығайту, көңіл-күйді көтеру мақсатында “Көтеріңкі көңіл-күй“ атты психологиялық тренингтер өтті. Әр аула клубтан келген семинарға қатысушы мұғалімдеріне “Сәлемдесу” тренингі өтті. Онда әр түрлі сипатта амандасып, бір көңіл көтеріліп қалды.
Тренинг түрі “Түйіншіктелген жіп”, «Грек жаңғағы» тренингі. Тағы тренинг түрі «Суретті жалғастыр» деп аталады. Негативтен арылу мақсатында “Кір жуғыш машина” атты тренингі. Тренинг соңында әрбір қатысушы өз ойымен бөлісіп, біраз талқылау жүргізді. Психологиялық тренингтерді өткізген: Абылхаирова Гүлсара.

Қолөнер үйірмесінен шеберлік сынып өткізілді.
«Қолөнер дәстүрі – ұлттық сананың жаңғыруы» тақырыбында
«Өркен» аула клубының «Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі: Танатова Марал Жеткизгеновна;
«Канзаши әдісімен шашқа тағатын гүл» тақырыбында «Атамекен» аула клубының «Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі: Джексембаева Гульнара;
«Құрғақ жүннен алма жасау» тақырыбында «Тұлпар» аула клубының «Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі: Байджигитова Нурсауле;
«Атлас таспадан гүл жасау» тақырыбында
«Сұңқар» аула клубының «Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі: Нурмаганбетова Айгул.