📚 2025–2026 оқу жылының қорытынды педагогикалық кеңесі өтті.
Кеңес барысында 2025–2026 оқу жылының қорытындылары жан-жақты талданып, білім сапасының көрсеткіштері сараланды. «Өнер балалар мектебі» мен аула клубтарының педагог – ұйымдастырушылары өз бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген жетістіктерді баяндап, оқу жылының қорытынды есептерін ұсынды.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Көшенова Мәдина Уранбекқызы оқу жылы бойы ұйымдастырылған тәрбиелік, мәдени-көпшілік және қоғамдық іс-шаралардың нәтижелеріне тоқталып, білім алушылардың шығармашылық белсенділігі мен жетістіктерін атап өтті. Сонымен қатар, алдағы оқу жылына арналған тәрбие жұмысының негізгі бағыттары таныстырылды.
Кеңес барысында «Өнер балалар мектебінің» қоғамдық, мәдени және шығармашылық іс-шараларына белсенді қатысып, ұйымдастыру жұмыстарында жоғары нәтиже көрсеткен педагогтер арасында өткізілген топтық жарыстың қорытындысы жарияланып, үздік ұстаздар марапатталды.
Әдіскер Туренова Ардақ Джувандықызы оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру бағытында жүргізілген әдістемелік жұмыстарға талдау жасап, педагогтердің кәсіби дамуы, ашық сабақтар мен семинарлардың нәтижелері туралы баяндады. Сондай-ақ, жаңа оқу жылында жүзеге асырылатын әдістемелік жұмыстардың басым бағыттарын таныстырды.
Мектеп директоры Даулетова Гүлмира Тұрғанбайқызы Астана қаласында өткен республикалық семинарда көтерілген білім беру саласындағы жаңа бастамалар мен инновациялық өзгерістер туралы ақпарат беріп, заманауи білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтардың маңызын түсіндірді. Семинар барысында ұсынылған озық тәжірибелер мен тиімді әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие үдерісіне енгізу мәселелері талқыланып, ұжымның алдағы міндеттері айқындалды.
Мәдениет қызметкерлері күніне орай Мұнайлы аудандық білім бөлімінің басшысы Жұбанов Сағатбек Орынғалиұлының құттықтауымен бір қызметкерге 50 пайыздық жеңілдікпен шипажайға жолдама табысталды. Аталған жолдама домбыра аспабының мұғалімі Байкүбекова Азима Ордановнаға берілді.
Кеңес соңында ұжым мүшелеріне шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер, толайым табыс пен зор денсаулық тілектері айтылып, 2025–2026 оқу жылының жұмысы қорытындыланды.
KZ




















