2024 жылдың 29 наурыз күні Түпқараған ауданы, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы өнер (Ақшұқыр ауылдық филиалы) мектебінде облыстық қосымша білім беру педагогтерінің қауымдастығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Балалардың шығармашылығын дамытудағы қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің заманауи әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби біліктіліктерін жетілдіру, педагогтердің шеберліктерін шыңдап, арттыру мақсатында өткізілген шараға қауымдастық мүшелері, қосымша білім беру ұйымдарындағы әдіскерлер, сольфеджио, вокал, хореография сыныбының педагогтері, барлығы 60-қа жуық маман қатысты.
Семинарда Мұнайлы аудандық «Өнер» балалар мектебінің теория сыныбының мұғалімі Кәдірова Алтынай Жасұланқызы «Нота сауатын арттыруда қолданатын әдіс-тәсілдер» тақырыбында шеберлік сабағын көрсетті.

KZ



