2024 жылдың 19 сәуір күні Ақтау қаласы, Оқушы Орталығында облыстық оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен және облыстық қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері қауымдастығының жоспарына сәйкес,
“Қобыз сарыны” атты балалар музыка және өнер мектептеріндегі қобыз аспабының мұғалімдері арасындағы облыстық қобызшылар байқауы өтті.
Байқауға Мұнайлы аудандық Өнер балалар мектебінен қатысқан Сатжанова Раушан Амангалиевна Дипломмен марапатталды.
Концертмейстері: Каюпова Ақмаржан Шеркешбайқызы
KZ

