Skip to content

2024 жылдың 14 ақпан күні Жаңаөзен қаласы, Мұрат Өскенбаев атындағы…

2024 жылдың 14 ақпан күні Жаңаөзен қаласы, Мұрат Өскенбаев атындағы балалар музыка мектебінде облыстық оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен және облыстық қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері қауымдастығының жоспарына сәйкес, Маңғыстау облысынан шыққан алғашқы қобызшы, ұстаз Ханшайым Балапашқызының еңбегін дәріптеу, сан ғасырлардан бері келе жатқан қобыз үнін бүгінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында Мұрат Өскенбаев атындағы балалар музыка мектебінде, балалар музыка және өнер мектептерінің оқушылары арасында Ханшайым Балапашқызы атындағы облыстық «Қобыз үні» қобызшылар байқауы өтті.

Байқауға Мұнайлы аудандық Өнер балалар мектебінен қатысқан оқушылар жүлделі орындармен оралды.

Жоғары топ бойынша Данатар Манзура ІІІ орын

Орта топ бойынша Нағашыбай Сабина ІІІ орын

Кіші топ бойынша Джайаман Амина ІІІ орынға иеленді

Жетекшілері: Сатжанова Раушан және Ербозова Гулжамал
Концертмейстері: Каюпова Ақмаржан