Skip to content

20 ақпан күні “Өнер балалар мектебіне” қосымша білім беру ұйымдары…

20 ақпан күні "Өнер балалар мектебіне" қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігін арттыру, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету және аттестаттаудан өтетін педагогтердің сабақтарына қатысу, бақылау парақтарын толтыруды ұйымдастыру мақсатында әдістемелік көмек ұйымдастыру тобының мүшелері келіп, аттестаттаудан өтетін педагогтердің сабақтарына қатысты.

🔎 Сабақтарға қатысып, бағалау парақтары толтырылды.
📚 Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сабақ сапасын жетілдіру және нормативтік-құқықтық талаптарды сақтау бойынша әдістемелік қолдау көрсетілді.
📝 Құжаттарды рәсімдеу және жүргізу бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Әдістемелік күн – тәжірибе алмасу мен кәсіби дамуға бағытталған маңызды қадам.