Skip to content

12.11.2025 күні Мұнайлы ауданы “Өнер балалар мектебінде” “Қосымша білім беруде:…

12.11.2025 күні Мұнайлы ауданы "Өнер балалар мектебінде" "Қосымша білім беруде: "Оркестр,ансамбль сабақтарында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер" атты аудандық семинар өтті.Спикерлер: Изимбергенов С.А.-оркестр жетекшісі және Байкубекова А.О.-домбыра аспабының мұғалімі.
Семинарға барлық ауданның аула клуб мұғалімдері мен "Өнер балалар мектебінің" мұғалімдері қатысып, өздеріне пайдалы ақпараттар алды.
Мақсаты: Оркестр және ансамбль сабақтарында оқыту үдерісінің тиімділігін арттыру мақсатында заманауи педагогикалық және тиімді әдістерді талдау,музыкалық ұжыммен жұмыс жүргізудің инновациялық әдістерін меңгерту,сондай-ақ оқушылардың орындаушылық шеберлігі мен дамытушылық қабілеттерін дамыту.
"Өнер балалар мектебінің" домбыра аспабының мұғалімі Байкубекова Азима Ордановна "Қазіргі музыкалық білім беру: Әдістеме мен практика мәселелері!" атты республикалық семинарға қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті.