07 ақпан күні "Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың Мектепішілік фестиваль-байқауының іріктеу кезеңі өткізілді.
Фестиваль-байқаудың мақсаты:
білім алушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, олардың орындаушылық шеберлік деңгейін арттыру, қазіргі қоғамда музыкалық өнерді кеңінен насихаттау, музыкалық өнер мен білім беру саласындағы классикалық дәстүрлердің жаңа прогрессивті үрдістермен тиімді өзара ықпалдасу жолдарын айқындау, балалар музыка мектептері мен өнер мектептерін дамыту, сондай-ақ олардың білім алушылардың тәрбиесі, оқытылуы және шығармашылық тұлғалық дамуын қамтамасыз етудегі рөлін арттыру.
Облыстық кезеңге қатысатын "Талант" балалар хорына сәттілік!
KZ

